www.ovp.temirtau-akimat.kz «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Например: Финансы

Қазақстан Республикасы ІІМ Улы газдан ақпараты

Ағымдағы жылдың басынан бастап республика бойынша тұрғын үй секторында болған өртте 50 адам қаза болды, соның ішінде 1 бала мектепке дейінгі жаста және 50 адам жарақат алған, оның ішінде 9-ы бала (6 – мектепке дейінгі және 3 – мектеп жасындағы). Улы газдан уланудан 16 адам қаза тапты, оның ішінде 2 бала мектепке дейінгі жаста, 92 адам жарақаттанды, оның ішінде 53 бала (23 – мектепке дейінгі және 30 – мектеп жасындағы).
Анықтама: Жыл сайын республика бойынша орта есеппен 14 мыңнан астам өрт тіркеледі, соның ішінде 600-ге жуығы балалардың отпен ойнауынан болатын себебінен (2013ж. – 509, 2014ж. – 571, 2015ж. – 589, 2016ж. – 658, 2017ж. – 664), соңғы 5 жылда өрт кезінде 1 973 адам қаза болды, оның ішінде 216 бала (2013ж. – 57, 2014ж. – 36, 2015ж. – 28, 2016ж. – 47, 2012ж. – 48,), улы газдан уланудан тұрғын үй секторында, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан 343 адам қаза тапты, оның ішінде 58 бала (2014ж. – 13, 2015ж. – 11, 2016ж. – 16, 2017ж. – 18).
Өрттің немесе улы газдан улану салдарынан бірден бірнеше баланың қаза табуы және жарақаттану фактілері кездеседі.
Мысалға, 2017ж. 30 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында
Шолақорған ауылында өрт кезінде күйіктер мен улы газдан уланудан, оқиға орнында 3 бала 2005 ж.т., 2006 ж.т. және 2011 ж.т. қаза тапты және 1 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.
2018ж. 15 қаңтарда Атырау облысы Х. Ерғалиев кентінде улы газдан уланудан ауруханаға 4 бала 2002 ж.т., 2003 ж.т., 2005 ж.т. және 2011 ж.т. жатқызылды.
Сол күні, Қызылорда облысы Әйтеке би кентінде улы газдан уланудан ауруханаға 4 бала 2003 ж.т., 2006 ж.т., 2009 ж.т. және 2016 ж.т. жатқызылды.
2018ж. 7 қаңтарда Алматы облысы Талдықорған қаласында улы газдан уланудан ауруханаға 9 бала жеткізілді, дәрігердің тексеруінен кейін оның
5-і (2008 ж.т., 2010 ж.т., 2012 ж.т., 2014 ж.т. және 2017 ж.т.) ауруханаға жатқызылды.
2018ж. 6 қаңтарда Астана қаласында улы газдан уланудан 2-і 2010 ж.т.,
2-і 2011 ж.т., 2012 ж.т., 2014 ж.т., 2015 ж.т., 2016 ж.т., 2017 ж.т. 9 бала ауруханаға жатқызылды.
Сол күні, Алматы облысы Шелек ауылында улы газдан уланудан
2004 ж.т., 2007 ж.т., 2009 ж.т., 2012 ж.т., 2014 ж.т. және 2016 ж.т. 6 бала ауруханаға жатқызылды.
Статистикаға сәйкес, тұрғын үй секторында зардап шеккеннің 50%-дан астамы жұмыссыз халық (жұмыссыздар, зейнеткерлер мен мүгедектер) және зардап шеккеннің 34% - ы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
Көрсетілген фактілер, жеке және жақындарыңыздың қауіпсіздігі мәселелерінде халық арасында мәдениет деңгейінің төмендегі туралы куәландырады.
Ішкі істер министрлігі тұтас профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде, ең алдымен халықпен жұмыс, атаулы көмек көрсетуде. Тұрғын секторында азаматтармен кездесу және аула аралаудан бөлек, қызметкерлер білім беру ұйымдарының оқушыларын төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс
іс-қимылдарға үйрету бойынша, үнемі маусымдық интерактивті сабақтар жүргізеді, сондай-ақ өртке қарсы нұсқаулар және эвакуациялау бойынша жаттығулар, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы үгіт-насихат материалдарын таратады.
Сонымен бірге, өрт және улы газдан уланудан адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізеді. Мәселен, акция аясында,
2016-2017жж. жылу беру кезеңінде улы газдан уланудан адамдардың қаза  болу және жарақаттану санын азайту үшін, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында улы, табиғи және сұйытылған газдың шекті рұқсат етілетін концентрациясын анықтайтын улы газ және газ талдағыш датчиктерді эксперименттік орнату тұрғын үйлерде жүргізілді.
Анықтамалық: газ талдауыш - өндірістік және тұрмыстық үй-жайларда дыбыс және жарық сигналдарын бере отырып, табиғи, сұйытылған және улағыш газдар белгіленген шектерден дабыл және авариялық концентрациясының асуына арналған үздіксіз бақылау үшін, сондай-ақ басқару құрылғысына басқарушы сигнал беру (электромагнитті клапан). Газдандырылған облыстарда қолданылады.
улы газ датчигі - қатты отын пайдаланатын, тұрмыстық үй-жайларда дыбыс және жарық сигналдарын бере отырып, улы газдар белгіленген шектердің дабыл және авариялық концентрациясы асуына арналған үздіксіз бақылау үшін.
Мысалға, 2017 жылғы қаңтарда ШҚО Өскемен қаласы Деповская көшесі 57 мекенжайы бойынша, тұрғын үйде пештен улы газдың жоғары концентрациясы бөлінуі салдарынан дыбыс датчигі қосылды, нәтижесінде
9 адамнан тұратын отбасы қайғылы оқиғадан аман қалды.
Практикалық тәжірибені негізге ала отырып, халықтың қорғалмаған әлеуметтік топтар (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жалғыз басты қарт адамдар, ардагерлер) үйлерінде улы газ және газ талдауыш датчиктерін орнату мәселесін қарауды орынды деп санаймыз.
Сонымен қатар, 2018 - 2019 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде,  облыс аумағында 2018 жылды «Тұрмыста балалардың қауіпсіздігі» жылы деп жариялады.
Бұл ретте, балалар үшін қауіпсіз балалықты қамтамасыз етуге шақыратын ҮЕҰ-ның, жастар мен өзге де ұйымдардың қатысуымен түрлі акциялар және іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ, қоғамда кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты заңсыз іс-қимылдарға жол бермеу қағидасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқандар жүргізуге жәрдемдесіңіз.


Вернуться назад

Тарату

Ауданның және атқарушы биліктің өміріндегі жаңалықтарға жазылыңыз:

Валлюта бағамы

Доллар 425.05
Евро 509.29
Рубль 5.58

Опрос

Как вы оцениваете работу ГУ "Отдел внутренней политики города Темиртау"? жауап беру
© 2012 «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сайттан көшіруге тыйым салынған
© 2012 Дайындау және қолдау: «Creatida» инетернет-компаниясы