www.ovp.temirtau-akimat.kz «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Например: Финансы

Құқық қорғау органдарына тұруға іріктеу тәртібі өзгереді

Қазіргі таңда еліміздің алдына қойған мақсаты – озық отыз елдің ортасынан өз орнын табу. Мемлекет басшысы осы мақсатқа жету үшін, халқымызды ортақ мүддеге жұмылдыратын «100 нақты қадам» ұлт жоспарын ұсынған болатын. «100 нақты қадам» бағдарламасының бірінші 15 қадамы кәсіби, дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға арналып отыр. Бұл дегеніміз, мемлекеттік қызметте адал, талантты, өз ісін жетік білетін азаматтардың қызмет етуі.
Осы тұрғыда, келесі жылдан бастап құқық қорғау органдарына жұмысқа кіру тәртібі өзгеріп, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру стандарттарына жақындай түспек. Яғни, құқық қорғау органдарына алғаш рет қызметке орналасатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтетін болады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары бекітілді.
Аталған бұйрыққа сәйкес құқық қорғау органдарына алғаш рет қызметке кіретін азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша үш бағдарлама негізінде тестілеу тапсыратын болады.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді басшы құрам лауазымдарына үміткер тұлғалар, яғни, C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4 санаттары бойынша қызметке тұратын азаматтар тапсырады. Бұл бағдарлама 9 нормативтік құқықтық акті бойынша тестілеу тапсыруды көздейді. Оның ішінде Конституция,  Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс,  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі.
Бұл бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама орта басшы құрам лауазымдарына қызметке тұратын тұлғалар үшін, яғни, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, C-NB-4, C-NB-5, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, C-NBО-4, C-NBО-5, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6 санаттары бойынша. Бұл бағдарлама аясында 7 нормативтік құқықтық акті бойынша тестілеу тапсыру қажет. Оның ішінде, Конституция,  Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс,  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама C-SV-12, C-SV-13 санаттары бойынша қызметке тұратын азаматтарға арналған және келесі нормативтік құқықтық актілер бойынша тестілеу тапсыруды көздейді: Конституция,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Құқық қорғау органдарына алғаш рет жұмысқа тұратын үміткерлердің электрондық үкімет порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тестілеу тапсыруға жазылу мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, үміткердің өзіне ыңғайлы тестілеу тапсыру күні мен уақытын және тестілеу тапсыратын қаланы таңдау құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің шекті мәнінен жоғары балл алған жағдайда үміткер жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өтуге жіберіледі.
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады. Бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-NB-1, C-NB-2, C-NB-3, C-NB-4, C-NB-5, C-NBО-1, C-NBО-2, C-NBО-3, C-NBО-4, C-NBО-5, С-GD-1, С-GD-2, С-GD-3, С-GD-4, С-GDО-1, С-GDО-2, С-GDО-3, С-GDО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау деңгейін анықтауға арналған тестілер.
Екінші бағдарлама C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, C-SV-12, C-SV-13, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, С-NB-6, С-NB-7, С-NB-8, С-NBО-6, С-NBО-7, С-NBО-8, С-GD-5, С-GD-6, С-GDО-5, С-GDО-6 санаттарына арналған және бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау деңгейін анықтауға арналған тестілерді тапсыру қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу қорытындысы бойынша сертификат, ал жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу соңында қорытынды беріледі. Осы құжаттар болған жағдайда үміткерлер құқық қорғау органдарымен өткізілетін конкурстарға қатыса алады.


ТАЛАНТ Медет,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы орынбасарының м.а.
 


Вернуться назад

Тарату

Ауданның және атқарушы биліктің өміріндегі жаңалықтарға жазылыңыз:

Валлюта бағамы

Доллар 425.05
Евро 509.29
Рубль 5.58

Опрос

Как вы оцениваете работу ГУ "Отдел внутренней политики города Темиртау"? жауап беру
© 2012 «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сайттан көшіруге тыйым салынған
© 2012 Дайындау және қолдау: «Creatida» инетернет-компаниясы